Выбрать страницу

Библиотека

10- қараша күні мектеп кітапханасында, "Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасымен" бірлесіп Қазақстанның 30-жылдығына орай қазақ өнерінде өзіндік өшпес із қалдырған күйші- композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толу құрметіне: "Күй анасы - Дина" атты күй кеші өткізілді. Мектебіміздің мақтанышы күй өнеріне өзіндік еңбегін сіңіріп жүрген өнерпазымыз 8-сынып оқушысы Нұрдәулет Сағатбек Динаның күйі: "Бұлбұл", Құрманғазының күйі "Қайран шешем" шығармасын орындаса, 6-класс оқушылары Габбасова Мадина мен Уалихан Ерасыл халық күйі: "Тепеңкөкті" орындады."Облыстық арнайы кітапханасының" кітапханашысы Айман Белгібайқызы Дина Нұрпейісованың өмірбаянына ақпарат беріп, кітап көрмесіне шолу жасады. Домбыра сыныбының ұстазы Нұрдәулет Абилович Динаның күйлері тарихына тоқталып өтті.Мектеп кітапханашысы күйші апамыз туралы бейнеролик ұсынды.

Брайль оқулары. Мектеп кітапхансында ерекше балаларға арналған оқу сағаттары дәстүрлі түрде өткізілуде. Арнайы облыстық кітапханасынан Брайль көркем әдебиеттер жеткізілді, оқушылардың сұрауы бойынша бар кітаптарымен қамту. Сонымен қатар "Бір ел - бір кітап" аясында А.Байтұрсынов шығармаларын ұсыну. Аудиокітаптар тыңдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі арнайы заманауи құрылғыларды, атап айтқанда: "Victor Reader Trek" новигациясы функциясы бар флэш-карталарында "сөйлейтін кітаптарды" оқуға арналған құрылғыны пайдаланып, оқырмандарға пайдаланып қолдануға беру арқылы дамытып үйретудеміз. Ұйымдастырылған кітап көрмелерінің бөлімдерін, тақырыптарын брайль шрифтпен арнайы машинкамен жазу, QR-код арқылы да аудио жазбаларды, кітаптарды тыңдату жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. #балаларжылы #оқуғақұштармектеп #брайль #школыкараганды #karagangaspecbiblioteka

"Бірлік, достық және бейбітшілік мерекесі" "Праздник единства, дружба и мира" Облыстық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушыларға 1-мамыр мерекесі Қазақстандағы халықтарының бірлігі күні, яғни Қазақстанда тұратын халықтар туралы мағлұмат айтылып, тактильді кітаптардан көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды. "Widergeburt" неміс орталығынан келген өкілі А.П.Коваленко бірнеше ұлыстардың ұлттық киіміндегі қуыршақтар көрмесімен таныстырды. Қазақстанда тұратын атақты немістер туралы мағлұмат беріп, неміс тіліндегі кітаптар мен күнтізбесі сыйға тартты. #праздникединства #Қазақстандағыхалықтарыныңбірлігікүні #Widergeburt #балаларжылы #karagangaspecbiblioteka #arnaiykitaphana1 #тактильноекниги

"Береке бастауы - бірлік, Ел іші тату тірлік" 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген көпшілік іс-шаралардан. "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" мерекелік көлемді кітап көрмесі. "Бірлік, достық және бейбітшілік мерекесі" деген тақырыптарда тактильді кітап көрмелері ұйымдастырылып, көрмеге шолу жүргізілді. #1мамыр #халықтардостығы #балаларжылы #тактильдікітаптар #karagangaspecbiblioteka #arnaiykitaphana1

"Тарихтың қилы кезеңдері" "Горькая страницы истории" Қазақ даласының етегіне сор боп жабысқан ашашырлық, нәубет жылдары халқымызы кенедей қырып кетті. Жалпы ақпаратқа сүйенер болсақ ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Мектеп кітапханасында көрме инсталяция ұйымдастырылып, сарғайған тарихтың ақпараттық беттері қойылды, арнаулы папка толықтырыллы. Ашаршылық тақырыбындағы кітаптардан онлайн көрме, бейнеролик құрастырылды. #қуғынсүргінқұрбандары #репрессия #алаш #31мамыр